jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Келіндік қызметті атқармаймын": қазақстандық дзюдошы отбасылық өмірі туралы ашық айтты

    Камила Берліқаш және оның жұбайы Ислам Тоқтасын
    Камила Берліқаш және оның жұбайы Ислам Тоқтасын. Фото: instagram.com/berlikashk

    Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Кәмилә Берліқаш отбасылық өмірі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Спорт министрі" Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Камила Берліқаштың жұбайы Ислам Тоқтасын да дзюдошы. Олар 2022 жылы отау құрған. Дзюдошы қыз ата-енесімен қарым-қатынасы туралы айтты.

    "Менің ата-енем жас, бәрін түсінетін адамдар. Жолдасым маған үйленуге ұсыныс жасаған кезде оған 2024 жылы жарыстарға қатысатынымды, ал 2028 жылы Олимпиадаға қатысқым келетінін айтқанмын. Сол себепті ата-енем мазаламайды. Олар Алматының шетінде тұрады, әрдайым барып тұрамыз. Атам үнемі мен қатысатын жарыстарды қарап, маған жанкүйер болып отырады. Ал келіндік қызметтерді атқармаймын", - деді Камила.

    Айта кетейік, +78 кг салмақта белдесетін Камила биыл Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғайды. Париждегі додада дзюдо жарыстары 27 шілде мен 3 тамыз аралығына жоспарланған.

    "Келіндік қызметті атқармаймын": қазақстандық дзюдошы отбасылық өмірі туралы ашық айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.