Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасына жолдама алған қазақстандық балуанға көлік сыйға тартылды

Жарияланған күні:

Айдос Сұлтанғали әкімдік өкілдерімен
Айдос Сұлтанғали әкімдік өкілдерімен. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда облысы әкімдігінің өкілдері қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғалиға жаңа көлік сыйлады. Бұл туралы өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев грек-рим күресінен Париж олимпиадасына жолдама алған Айдос Сұлтанғалиді жеңіс жолындағы жетістігімен құттықтады.

Спортшыға облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының төрағасы Бақдәулет Махашовтың қолдауымен облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы жерлестерінің атынан автокөлік кілтін табыстады.

Еске салайық, грек-рим күресінің шебері Айдос Сұлтанғали Бішкекте (Қырғызстан) өткен Азия құрлығының іріктеу турнирінде Олимпиада жолдамасын жеңіп алған еді. 60 кг салмақта сынға түскен ол шешуші белдесуде Тайбэй өкілі Джуи Чи Хуанганы 9:0 есебімен мерзімінен бұрын ұтқан болатын. Қызылорда күрес мектебінің түлегі 28 жасында алғаш рет Олимпиадаға аттанғалы отыр.

Қазақстан құрамасының қоржынында күрес түрлерінен Париж Олимпиадасының 7 жолдамасы бар: грек-рим күресі – 4, еркін күрес – 3.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2117496-parizh-olimpiadasyna-zholdama-algan-qazaqstandyq-baluanga-kolik-syiga-tartyldy/