Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасына велосипедпен аттанған маңғыстаулық спортшы Түркияға жетті

Жарияланған күні:

Рәббім Борашев
Рәббім Борашев. Фото: t.me/mangystau_news

Парижде (Франция) өтетін жазғы Олимпиадаға велосипедпен аттанған маңғыстаулық Рәббім Борашев Түркияға жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығының Telegram желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Велошабандоз сапарын 4 мамырда бастап, кейін 1 айға уақытша тоқтатқан еді. Ол үзілістен соң жұбайы Айзада Борашевамен бірге веложорығын қайтадан жалғастырды. Қазір ерлі-зайыпты Түркия мемлекетінің Хопа қаласына жеткен.

"18-23 мамырда III "Ұлы дала" жорығына, маусым айының 6-8 аралығында Сүгір Бегендікұлының 130 жылдық мерейтойына қатыстым. Ал қазір Түркия елінің Хопа қаласындағы қонақ үйдің біріне келіп орналастық", - деді Рәббім Борашев.

Еске салайық, маңғыстаулық азамат Рәббім Байбозұлы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына велосипедпен жолға шыққанын жазған едік. Ол сапары барысында 9 елге баруды жоспарлап отырғанын айтқан болатын.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2119506-parizh-olimpiadasyna-velosipedpen-attangan-manggystaulyq-sportshy-turkiiaga-zhetti/