Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ризабек Айтмұхан аралас жекпе-жекке ауысуы жайлы тосын мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Еркін күрестен Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан
Еркін күрестен Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан. Фото: olympic.kz

Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан аралас жекпе-жекке (MMA) ауысу жайлы пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport Plus Qazaqstan телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"UFC-ді көріп тұрамын, қазақстандық жауынгерлерге жанкүйермін. Жалпы ер адамды еркек қылатын спорт түрлерін жақсы көремін. Шавкат ағамызбен араласып жүргеннен кейін, көбі мені аралас жекпе-жекке көшеді деп ойлайды, бірақ менде ондай ой жоқ. Арасында тек өзім үшін ғана айналысып жүремін. Алда Олимпиада ойындары бар, қазақ еліне тұңғыш алтын медаль алып келгім келеді", - деді Ризабек.

Еске салайық, Шавкат Рахмоновпен күреспек болған Ризабек Айтмұхан желіде қызу талқыға түскенін жазған едік.

Ризабек Айтмұхан жуырда Будапеште (Мажарстан) өткен рейтингтік турнирде қола жүлде еншілеген болатын. Ол қазір Біріккен күрес әлемі ұйымының (UWW) 97 кг салмақ дәрежесіндегі рейтингінде 18-орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2119986-rizabek-aitmuhan-aralas-zhekpe-zhekke-auysuy-zhaily-tosyn-malimdeme-zhasady/