jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қазақстандық балуан боз кілемге шықпай-ақ алтын медаль жеңіп алды

    Әлішер Ерғали. Фото
    Әлішер Ерғали.Фото: uww.org

    Күрес түрлерінен Будапештте (Мажарстан) өтіп жатқан рейтингтік турнирде еркін күрес шеберлері Әлішер Ерғали, Ризабек Айтмұхан және Юсуп Батырмұрзаев жүлде иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Әлішер Ерғали 97 кг салмақ дәрежесіндегі бәсекенің финалында әзербайжандық Магомеджан Магомедовпен белдесуі керек болған. Бірақ қарсыласы боз кілемге шықпағандықтан, жеңіс Әлішерге берілді.

    Ризабек Айтмұхан (97 кг) қола жүлде үшін белдесуде словакиялық Батырбек Цакуловтан 4:2 есебімен басым түсті. Ризабек жартылай финалда Магомеджан Магомедовтен 15:7 есебімен жеңіліп қалған болатын.

    Ал 125 кг салмақта бақ сынаған Юсуп Батырмұрзаев ақтық сында америкалық Мэйсон Пэрриске есе жіберіп, күміс жүлдені місе тұтты. Юсуп финалға шығар сында Рио және Токио Олимпиадасының жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы Гено Петрошвилиді ұтқанын жазған едік.

    Қазақстандық балуан боз кілемге шықпай-ақ алтын медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.