jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Шавкат Рахмоновпен күреспек болған Ризабек Айтмұхан желіде қызу талқыға түсті (видео)

    Шавкат Рахмонов пен Ризабек Айтмұхан
    Шавкат Рахмонов пен Ризабек Айтмұхан. Фото: instagram.com/naiza.mma

    Октагонда Шавкат Рахмоновпен күреспек болған Ризабек Айтмұхан желіде қызу талқыға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Кеше, 18 мамырда Алматыда NAIZA және AMC Fight Nights промоушендерінің бірлескен турнирі өтті. Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Фаниль Рафиков Әзербайжан өкілі Нариман Аббасовты жеңіп, екі промоушеннің бірлескен титулын иеленді.

    Осы турнирде еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан мен UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов көзге түсті. Ризабектің октагонда Шавкатпен күреспек болған сәтінің видеосы желіде тарады. Желі қолданушылары бұл жағдайды қызу талқылады.

    "Шәкеңе не істесе де жарасады, сау болшы, жарайсың", "Осылай әр қазақ батырлары, жігіттері бір-бірін қолдап жүру керек", "Бірі UFC жауынгері, бірі әлем чемпионы! Бұндай мықты жігіттер басқа қандай елде бар? Керемет мақтанышымыз біздің! Аман болсыншы осындай алтын жігіттеріміз", - деп жазды оқырмандар.

    Еске салайық, Ризабек Айтмұхан сәуірде Бішкекте (Қырғызстан) өткен күрес түрлерінен Азия чемпионатында күміс жүлде еншілеген еді.

    Шавкат Рахмонов cалмақ дәрежесіне қарамастан үздік 20 файтердің рейтингіне (P4P) енді.

    Шавкат Рахмоновпен күреспек болған Ризабек Айтмұхан желіде қызу талқыға түсті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.