Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ермек Маржықпаев: Париж Олимпиадасына 80-85 жолдамамен баруды жоспарлап отырмыз

Жарияланған күні:

Ермек Маржықпаев
Ермек Маржықпаев. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан қоржынындағы Париж Олимпиадасының лицензиялары туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Олимпиада – ең үлкен маңызды дода. Париждегі жарысқа 205 мемлекеттен 10,5 мың спортшысы 32 түрінен қатысады. Бүгінгі таңда бізде 22 спорт түрінен 78 лицензия бар. Оның ішінде бокс – 10, дзюдо – 8, күрес – 7 ( грек-рим – 4, еркін күрес – 3), оқ ату мен каноэ және байдарка есуден 6 жолдамадан, семсерлесуден 5 және тағы басқа да жолдамалар бар. Өкінішке қарай, биыл әйелдер күресі мен ауыр атлетикадан лицензия ала алмадық", - деді Маржықпаев.

Сондай-ақ Туризм және спорт министрі ең көп жолдама алған өңірлерді атап өтті.

"Өңірлерге келсек, ең үлкен үлес қосқан өзіміздің Алматы қаласы – 16 жолдама. Шымкент қаласынан – 12, Астана қаласынан – 9, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстарынан 5 жолдамадан бар. Әлі 4 рейтингілік-лицензиялық турнир өтеді . Жалпы 80-85 жолдама алып, Париж Олимпиадасына барамыз деп үміттенеміз", - деді министр.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2121633-ermek-marzhyqpaev-parizh-olimpiadasyna-80-85-zholdamamen-barudy-zhosparlap-otyrmyz/