Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасына қатысатын Қазақстан құрамасы жайлы 9 қызық дерек

Жарияланған күні:

Эйфель мұнарасы
Эйфель мұнарасы. Фото: Kiran Ridley/Getty Images

26 шілдеде Парижде (Франция) XXXIII жазғы Олимпиада ойындары басталады. Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Instaram желісіндегі ресми парақшасында Париж ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы жайлы қызық фактілер жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

  1. Қазақстан 8-мәрте жазғы Олимпиадаға қатысады және Еуропа құрлығында үшінші рет (Афина, Лондон, Париж) бақ сынайды;
  2. Қазақстан қоржынында әзірге 70 спортшыда 80 лицензия бар;
  3. 45 қазақстандық спортшы бірінші рет жазғы Олимпиада ойындарына қатысады;
  4. Ең көп лицензияны боксшыларымыз жеңіп алды (10 лицензия);
  5. Париж Олимпиадасына баратындардың ішінде ең тәжірибелісі – 31 жастағы Владислав Яковлев (академиялық ескек есу). Бұл спортшы 2012 жылғы Лондон Олимпиадасынан бері тұрақты түрде қатысып келеді;
  6. Париж Олимпиадасына баратындардың арасынан бұған дейін жүлде алғандар: Сәкен Бибосынов (Токио Олимпиадасының қола жүлдегері) және Қамшыбек Қоңқабаев (Токио Олимпиадасының қола жүлдегері);
  7. Ең көп жүлде иегері: Елдос Сметов (Рио және Токио Олимпиадасының жүлдегері);
  8. Ең жас спортшы – 17 жастағы Батырхан Төлеуғали (таеквондо);
  9. Ең егде жастағы спортшы – 37 жастағы Эльмир Әлімжанов (семсерлесу).

Айта кетейік, Париждегі додаға әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 10 мыңнан аса спортшы қатысады. Олар спорттың 32 түрінен 300-ден аса медальды сарапқа салады.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Париж Олимпиадасына Қазақстан құрамасы 80-85 жолдамамен баруды жоспарлап отырғанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2122848-parizh-olimpiadasyna-qatysatyn-qazaqstan-quramasy-zhaily-9-qyzyq-fakt/