Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екеуінен әдемі жұп шығатын еді": Рыбакина мен Джоковичтің видеосы көпшілікті сүйсінтті

Опубликовано:

Елена Рыбакина мен Новак Джокович
Елена Рыбакина мен Новак Джокович. Фото: Karwai Tang/WireImage

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мен әлемде чемпиондық атағы жағынан көш басында тұрған серб теннисшісі Новак Джокович Уимблдондағы жаттығу алаңында кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Уимблдонның X әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Рыбакина мен Джокович көрші корттарда жаттығу жасады. Олар бір-бірінің жанынан өтіп бара жатқанда, Новак қолын созып, ал Елена оның сәлемін күлімсіреп қабыл алды.

Уимблдонның Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы:

"Біздің 2022 жылғы чемпиондарымыз қайта қауышты", - деп жазды.

Ал оқырмандар арасында қызу пікір-талқы орын ала кетті.

"Меніңше, Елена теннис кортында бірінші рет күлімдеген секілді"

"Екеуі де жеңімпаз атанса екен"

"Екеуінен әдемі жұп шығушы еді", - деп жазып жатыр оқырмандар.

Естеріңізге сала кетейік, Елена Рыбакина екі жыл бұрын финалда Тунис теннисшісі Онс Жаберді 3:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, Уимблдон чемпионы атанды. Сол 2022 жылы Новак Джокович финалда аустралиялық Ник Кириосты 4:6, 6:3, 6:4, 7:6 есебімен жеңіп, титулдық атақты иеленді.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2124024-ekeuinen-ademi-zhup-shygushy-edi-rybakina-men-dzhokovichting-videosy-kopshilikti-suisindirdi/