Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Допинг дауына іліккен қазақстандық жеңіл атлет толықтай ақталып шықты

Опубликовано:

Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто
Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто. Фото: Sam Barnes/Sportsfile via Getty Images

Қазақстан атынан өнер көрсететін жеңіл атлет, әлем чемпионы Нора Джеруто Лозанна спорт арбитраждық сотының (CAS) шешімімен допинг дауынан толығымен ақталып шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"2024 жылғы 25 маусымда халықаралық арбитраждық сот мынадай шешім шығарды: Допинг қолданды деп күдікке ілінген спортшы Нора Джерутоға 2023 жылы 27 қазанда World Athletics тәртіптік трибуналы шығарған шешімге қатысты 2023 жылы 24 қарашада World Athletics берген аппеляция қабылданбайды. Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы күдіктен толығымен арылды", - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, Нора Джеруто 2022 жылы әлем чемпионатында алтын медаль алып, Қазақстанға тарихи жүлде сыйлаған еді.

Джеруто биыл Парижде өтетін жазғы Олимпиадаға қатысады. Жеңіл атлет АҚШ-тағы USATF Los Angeles Grand Prix жарысында 3 000 метрге кедергімен жүгіруден Олимпиадалық нормативті орындап, лицензия жеңіп алған болатын.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2124072-doping-dauyna-ilikken-qazaqstandyq-zhengil-atlet-tolyqtai-aqtalyp-shyqty/