jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Еуро-2024: Португалия құрамасы пенальти сериясында басым түсіп, ширек финалға шықты

    Португалия құрамасының футболшылары Жуан Канселу мен Криштиану Роналду
    Португалия құрамасының футболшылары Жуан Канселу мен Криштиану Роналду. Фото: Justin Setterfield/Getty Images

    Футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Португалия құрамасы Словенияны жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Матч Германияның Франкфурт қаласында өтті. Алғашқы таймда есеп ашылған жоқ. Екінші таймда да гол соғылмады. Осылайша, матч экстра-таймға ұласты.

    Экстра-таймда Словения қақпасына пенальти белгіленген еді. Бірақ пенальтиді соққан Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду мүлт кетті. Осы сәтсіздіктен кейін футболшы көз жасына ерік берді.

    Экстра-таймда да жеңімпаз анықталмай, кездесу пенальти сериясына жалғасты. Бұл кезеңде португалиялықтар 3:0 есебімен басым түсті. Криштиану Роналду, Бруну Фернандеш, Бернарду Силва гол салды.

    Енді Португалия құрамасы ширек финалда Францияға қарсы ойнайды. Бұл матч 5 шілдеде өтеді. Франциялықтар 1 шілдеде Бельгияны автоголдың арқасында жеңіп, келесі кезеңге өткен еді.

    Айта кетейік, Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының 1/4 финалы 5-6 шілдеде, жартылай финал 9-10 шілдеде, ал ақтық мәре 14 шілдеде болады.

    Еуро-2024: Португалия құрамасы пенальти сериясында басым түсіп, ширек финалға шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram