Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" пен "Семей" Еуропаның үздік 20 клубының қатарына енді

Опубликовано:

"Қайрат" футзал клубы
"Қайрат" футзал клубы. Фото: instagram.com/afckairat

УЕФА-ның жаңартылған рейтингінде "Қайрат" пен "Семей" футзал клубтары Еуропаның таңдаулы командаларының қатарына ілікті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ УЕФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін, 4 шілдеде футзалдан Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі мен негізгі раундында өнер көрсететін командаларды анықтау үшін жеребе тарту рәсімі өтеді. Футзалдан Чемпиондар лигасының 2024/25 маусымында 56 команда бақ сынасады. Еліміздің атынан "Қайрат" пен "Семей" футзал клубтары өнер көрсетеді. Бұл ретте екі қазақстандық клуб (тағы 22 команда) негізгі раундқа тікелей жолдама алды. Себебі қос команданың УЕФА рейтингіндегі коэффициенттері жоғары.

Футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі раунды 22-27 қазан аралығында өтеді.

УЕФА-ның жаңа рейтингінде "Қайрат" 20 333 ұпаймен үздік футзал командаларының көшінде бесінші орынды иеленді. Ал жаңадан құрылған "Семей" футзал клубы 17-ші орынға көтерілді. Қазақстанның қазіргі чемпиондарының есебінде 8 000 ұпай. Сондай-ақ рейтингтің толыққанды нұсқасымен таныса аласыз.

УЕФА рейтингінде үздік ондыққа кірген клубтардың тізімі:

  1. "Спортинг" (Португалия) – 68 168 ұпай
  2. "Пальма" (Испания) – 64 500 ұпай;
  3. "Картахена" (Испания) – 34 500 ұпай;
  4. "Андерлехт" (Бельгия) – 24 000 ұпай;
  5. "Қайрат" (Қазақстан) – 20 333 ұпай;
  6. "Олмиссум" (Хорватия) – 15 500 ұпай;
  7. "Добовец" (Словения) – 14 000 ұпай;
  8. "Халадаш" (Венгрия) – 13 000 ұпай;
  9. "Пльзень" (Чехия) – 11 000 ұпай;
  10. "Хит" (Украина") – 11 000 ұпай;

18. "Семей" (Қазақстан) – 8000 ұпай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2128812-qairat-pen-semei-europanyng-uzdik-20-klubynyng-qataryna-endi/