Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ердоған халықаралық саммитке емес, Түркия футбол құрамасының матчына бармақ

Жарияланған күні:

Режеп Тайип Ердоған
Режеп Тайип Ердоған. Фото: Mustafa Kamaci/Anadolu Agency via Getty Images

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының Әзербайжанда өтетін саммитіне қатыспайды. Оның орнына Германияға барып, 6 шілдеде футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалы аясында өтетін Түркия – Нидерланд матчын тамашалауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды A Haber телернасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Телеарнаның мәліметінше, президенттің бұл шешіміне бірден-бір себеп – Түркия құрамасының футболшысы Мерих Демиралға қатысты дау. УЕФА ұйымы матч кезінде "Көк бөрі" деп аталатын ұлтшылдар тобымен байланысты ишара көрсеткені үшін Демиралға қатысты тергеу бастаған еді.

"Бұл оқиғадан кейін Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының 6 шілдеде Әзербайжанда өтетін саммитіне қатыспай, Германияға баруды шешті. Президент түркиялықтардың рухын көтеріп, олармен бірге екенін білдірмек. Ердоған Түркия-Нидерланд матчын стадионда отырып тамашалайды", - деп хабарлады A Haber телеарнасы.

Айта кетейік, Түркия құрамасы Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Аустрияны 2:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өткен еді. Енді түркиялықтар ширек финалда Нидерланд командасымен кездеседі. Бұл матч 6 шілдеде Қазақстан уақытымен сағат 23:50-де басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2129025-erdogan-halyqaralyq-sammitke-emes-turkiia-futbol-quramasynyng-matchyna-barmaq/