Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

32 жастағы қазақстандық жеңіл атлет төртінші рет Олимпиадаға қатысады

Опубликовано:

Жеңіл атлет Ольга Сафронова
Жеңіл атлет Ольга Сафронова. Фото: instagram.com/_oluta_

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының Instagram желісіндегі парақшасында Париж Олимпиадасына жолдама алған спортшылардың тізімі жарияланды. Оның ішінде төртінші мәрте Олимпиада ойындарында бақ сынағалы отырған Ольга Сафронова да бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ольга Сафронова осыған дейін Лондон (2012), Рио (2016) және Токио (2020) Олимпиадаларында сынға түскен. Бірақ ешқайсында жүлде иелене алмады. 32 жастағы спортшы енді Парижде өтетін бәсекеде 200 метрге жүгіруден ел намысын қорғамақ.

"Мен үшін ерекше сәтті мақтанышпен және қуанышпен жариялағым келеді. Мен төртінші рет Олимпиадаға қатысамын. Бұл мен үшін жаңа сынақ қана емес, сонымен қатар спорттық жетістіктер мен шабытқа апаратын жолымды жалғастырудың бірегей мүмкіндігі.

Бұл Олимпиадаға апаратын жол ұзақ болды және оңай болған жоқ. Жаттығулар, жарыстар, жеңістер мен жеңілістер мені күшті және табанды етті. Жолдағы барлық кедергіні жеңе отырып, мен арманыма қадам баса бердім", - деп Ольга Сафронова Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

26 шілдеде басталатын Париж Олимпиадасында жеңіл атлетикадан 7 спортшы Қазақстан намысын қорғайды. Олар:

  • 1. Нора Джеруто – 3000 метрге кедергімен жүгіру;
  • 2. Дейзи Джепкемей – 3000 метрге кедергімен жүгіру, 10 км;
  • 3. Жанна Мамажанова – марафон;
  • 4. Надежда Дубовицкая – биікке секіру;
  • 5. Елизавета Матвеева – биікке секіру;
  • 6. Давид Ефремов – 110 метрге кедергімен жүгіру;
  • 7. Ольга Сафронова – 200 метрге жүгіру.

Еске салайық, допинг дауына іліккен қазақстандық жеңіл атлет Неро Джеруто толықтай ақталып шыққанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2130318-32-zhastagy-qazaqstandyq-zhengil-atlet-tortinshi-ret-olimpiadaga-qatysady/