Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов: Черчесовке қазақ тілін білудің қажеті жоқ

Опубликовано:

Станислав Черчесов және Әділет Барменқұлов
Станислав Черчесов және Әділет Барменқұлов. Фото: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовке қазақ тілінде сұрақ қойған журналист пен ресейлік маманның арасындағы жағдай туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport24.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Станислав Черчесовке қазақ тілін білудің қажеті жоқ, ең бастысы – біздің менталитетімізді, дәстүріміз бен мәдениетімізді түсінгені маңызды. Ол біздің тілімізде қысқаша сөйлеп, амандаса білуі жеткілікті. Черчесовтан тек біздің тіліміз бен дәстүрімізді құрметтеу талап етіледі, ал ол өз кезегінде ел футболы үшін өзінің барлық түйгенін береді.

Черчесовтың қазақ тілін үйренуі бойынша артық мәселе жоқ және біздің журналистер бұл нәрсені дұрыс қабылдады. Менің ойымша бұл мәселені дұрыс не бұрыс деп қарастырғанымыз жөн емес. Станислав Саламұлының өзіне тән болмысы бар және мұны бәрі жақсы түйсінеді. Біз, қазақтар, барлығына құрмет көрсетеміз", - деді Әділет Барменқұлов Sport24 тілшісіне берген сұқбатында.

Айта кетелік, 26 маусымда футболдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесов Астанада өткен баспасөз мәслихатында журналист Нұрсұлтан Құрманмен сөз таластырып қалған жазған едік.

Магомед Адиев Қазақстан құрамасының бас бапкерлігінен кеткеннен кейін оның орнына Станислав Черчесов тағайындалған болатын. Ұлттар лигасы аясында Қазақстан құрамасы "В" дивизионында Аустрия, Норвегия және Словения құрамаларымен кездеседі. Бірінші ойындар қыркүйек айынының басына жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2132523-qff-prezidenti-adilet-barmenqulov-cherchesovke-qazaq-tilin-biluding-qazheti-zhoq/