Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем көз тіккен Париж Олимпиадасы: Сена өзенінде өтетін ашылу салтанатын қай телеарналардан көруге болады

Жарияланған күні:

Эйфель мұнарасы
Эйфель мұнарасы. Фото: Kiran Ridley/Getty Images

Ертең, 26 шілдеде Франция астанасы Парижде XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, тарихта алғаш рет жазғы Олимпиаданың ашылу салтанаты стадионда өтпейді. Салтанатты шара Париждегі Сена өзенінде болады деп жоспарланған.

Әр ұлттық құрама жеке қайыққа мініп, өзен бойымен шеру жасайды. Көрермендер спортшыларды жақыннан көруі үшін әр қайық камералармен жабдықталады. 10 500 спортшы шығыстан батысқа қарай жүріп, Париждің орталығын кесіп өтеді. Алты шақырымға созылатын шеру Трокадеро алдында аяқталады. Онда ашылу рәсімінің соңғы элементтері мен мерекелік шоулар өтеді.

Париж Олимпиадасының ашылу салтанатын "Хабар", Qazaqstan, Qazsport, Jibek Joly телеарналарынан көруге болады. Тікелей трансляция 26 шілдеде Қазақстан уақытымен 22:15-те басталады.

Айта кетейік, Париждегі байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 80 спортшы қорғайды. Олар 25 спорт түрінен 92 лицензия жеңіп алған еді. Еліміз сегізінші мәрте жазғы Олимпиадаға қатыспақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2139546-parizh-olimpiadasy-sena-ozeninde-otetin-ashylu-saltanatyn-qai-telearnalardan-koruge-bolady/