Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық теннисшілердің Париж Олимпиадасындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

Жарияланған күні:

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина. Фото: Mark Brake/Getty Images

Қазақстандық теннисшілердің Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарындағы алғашқы қарсыластары анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Теннис турнирінің жеребесі бойынша, әйелдер арасында жекелей сында Елена Рыбакина алғашқы ойынын румыниялық Жаклин Кристианға қарсы өткізеді. Ал Юлия Путинцева украиналық Марта Костюкпен кездеседі.

Ерлер арасындағы жекелей сында Александр Бублик АҚШ өкілі Фриц Тэйлормен шеберлік байқасса, Александр Шевчкенко чехиялық Якуб Меншикпен күш сынасады.

Ал ерлер арасында жұптық сында Қазақстан намысын қорғайтын Александр Бублик пен Александр Недовесов алғашқы айналымда аустралиялық жұп Попыриy және Де Минаурге қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасындағы теннис турнирі 27 шілде мен 4 тамыз аралығында "Ролан Гаррос" стадионында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2139703-qazaqstandyq-tennisshilerding-olimpiada-oiyndaryndagy-algashqy-qarsylastary-belgili-boldy/