Қазақстан Париж Олимпиадасында теннистен тағы бір лицензия алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігінің Telegram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Аралас жұптық сында Елена Рыбакина мен Александр Бублик өнер көрсетеді. Олимпиаданың бірінші айналымында олар америкалық Коко Гауфф және Тейлор Фрицпен кездеседі. Барлығы миксте медаль үшін 16 жұп таласады.
Ал теннис додасы 29 шілдеде басталады. Қазір Қазақстанның теннистен 6 лицензиясы бар. Жекелей сында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Бублик және Александр Шевченко ел намысын қорғайды. Жұптық сында Александр Бублик пен Александр Недовесов, Рыбакина мен Бублик. Қазақстан құрамасында спорттың 25 түрінен барлығы 93 лицензия (80 спортшы) болды.
Айта кетейік, қазақстандық теннисшілердің Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарындағы алғашқы қарсыластары анықталған еді. Теннис турнирінің жеребесі бойынша, әйелдер арасында жекелей сында Елена Рыбакина алғашқы ойынын румыниялық Жаклин Кристианға қарсы өткізеді. Ал Юлия Путинцева украиналық Марта Костюкпен кездеседі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2139759-qazaqstan-quramasy-olimpiada-bastalgan-kuni-tagy-bir-litsenziiaga-qol-zhetkizdi/