jitsu gif
Спорт

    Олимпиада-2024: Қазақстан құрамасынан бірінші болып садақшылар жарыс жолына шықты

    Қазақстандық садақшылар
    Қазақстандық садақшылар. Фото: olympic.kz

    Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиада ойындарын бастады. Бірінші болып садақшылар жарыс жолына шықты, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Cадақ атудан рейтингтік раундта Қазақстан құрамасы сапынан Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еременко сынға түсті. Олар төмендегідей нәтиже көрсетті:

    • Ильфат Абдуллин – 29-орын (663 ұпай);
    • Дәулеткелді Жаңбырбай – 22-орын (668 ұпай);
    • Александр Еременко - 59-орын (640 ұпай).

    Енді турнир кестесі жасақталып, 1/32 айналымда кездесетін қарсыластар анықталады. Барлығы 64 спортшы жүлдеге таласып жатыр.

    Айта кетейік, Париж Олимпиадасының ресми ашылу салтанаты ертең, 26 шілдеде өтеді. Байрақты бәсекеге 205 елден келген 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазақстан намысын 80 атлет қорғайды. Еліміз сегізінші рет жазғы Олимпиадаға қатысып жатыр.

    Олимпиада-2024: Қазақстан құрамасынан бірінші болып садақшылар жарыс жолына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.