Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина Олимпиадаға қатыспайтын болды

Жарияланған күні:

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина. Фото: HENRY NICHOLLS/AFP via Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатыспайтын болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми сайтындағы жеребе кестесінен Елена Рыбакинаның есімі алынып тасталды. Ол теннистен жекелей және аралас жұптық сында өнер көрсетуі керек болған. Рыбакинаның орнына жекелей сында аустралиялық теннисші Дарья Сэвилл ойнайды.

Енді теннистен әйелдер арасында Қазақстан намысын тек Юлия Путинцева қорғайды. Ол алғашқы айналымда украиналық Марта Костюкпен кездеседі. Париж Олимпиадасындағы теннис турнирі 27 шілде мен 4 тамыз аралығында "Ролан Гаррос" стадионында өтеді.

Еске салайық, Елена Рыбакина осыған дейін "Уимблдон" турниріне қатысып, жартылай финалда Чехия өкілі Барбора Крейчиковадан жеңіліп қалған еді. Қазір қазақстандық теннисші әлемдік WTA рейтингінде төртінші орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2139888-elena-rybakina-olimpiadaga-qatyspaityn-boldy/