jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Елена Рыбакина Олимпиадаға қатыса алмайтыны үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Oscar J. Barroso/Europa Press via Getty Images

    Елена Рыбакина жарақатынан әлі жазылып үлгермегенін айтып, Олимпиадаға қатыспайтыны үшін қазақстандық жанкүйерлерден кешірім сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Құрметті қазақстандықтар, өкінішке орай мен Париждегі Олимпиадаға қатыса алмаймын. Уимблдон турнирінен кейін ауырып қалдым. Жаттығуға қайта оралуға тырысқаныммен, дене даярлығым ойдағыдай емес. Дәрігерлер кортқа шығуыма тыйым салды.

    Сіздердің үміттеріңізді ақтап, Париждегі Олимпиадада біздің құрама үшін бақ сынай алмайтыныма қатты өкінемін. Мен Токиода жүлдеге өте жақын болдым және Қазақстанға алтын алу үшін Париж ойындарына тыңғылықты дайындалдым. Өкінішке орай, ауруыма байланысты бұл жоспарларымды жүзеге асыруға еш мүмкіндік жоқ", - деді Елена Рыбакина.

    Елена Рыбакина барша қазақстандық спортшыларға Парижде сәттілік тіледі.

    Еске салайық, бүгін, 25 шілдеде теннисші Елена Рыбакинаның 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.

    Елена Рыбакина Олимпиадаға қатыса алмайтыны үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.