jitsu gif branding logo appbranding logo app

    2034 жылғы қысқы Олимпиада ойындары қай қалада өтетіні белгілі болды

    Халықаралық Олимпиада комитетінің 142-сессиясы
    Халықаралық Олимпиада комитетінің 142-сессиясы. Фото: Natacha Pisarenko - Pool/Getty Images

    2034 жылғы қысқы Олимпиада ойындары АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) 142‑сессиясында белгілі болды. Аталмыш жиында Солт-Лейк-Ситиге халықаралық Олимпиада комитетінің 83 делегаты дауыс берді, ал 6 делегат қарсы болды.

    Солт-Лейк-Сити 2034 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге жалғыз үміткер болды, ХОК қараша айында байрақты бәсекені аталмыш қалада өткізу туралы эксклюзивті келіссөздерді бастап кеткен еді.

    Солт-Лейк-Сити 2002 жылы да қысқы Олимпиада ойындарын ұйымдастырған болатын. Алдағы қысқы Олимпиада 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында 6-22 ақпан аралығында өтеді.

    Айта кетейік, Халықаралық Олимпиада комитетінің 142-сессиясындағы дауыс беру қорытындысы бойынша, 2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Франциядағы Альпі тауларында өтетінін жазған болатынбыз.

    2034 жылғы қысқы Олимпиада ойындары қай қалада өтетіні белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.