Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасының ашылу салтанатына қатысты (видео)

Жарияланған күні:

Ту ұстаушылар Асланбек Шымбергенов пен Ольга Сафронова
Ту ұстаушылар Асланбек Шымбергенов пен Ольга Сафронова. Фото: Michael Reaves/Getty Images

Қазақстан ұлттық құрамасы Франция астанасы Парижде жалауын түрген XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Тарихта алғаш рет жазғы Олимпиаданың ашылу салтанаты стадионда емес, cу үстінде өтті. Ұлттық құрамалардың спортшылары қайыққа мініп, Париждегі Сена өзенін бойлай шеру жасады.

Мемлекеттер шеруіне Қазақстан делегациясы да қатысты. Көк туымызды боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова алып шықты. Шымбергенов Париж додасында 71 кг салмақта жұдырықтасса, Сафронова 200 метрге жүгіруден сынға түседі.

Қазақстан құрамасы
Қазақстан құрамасы. Фото: Arturo Holmes/Getty Images

Айта кетейік, Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері сегізінші рет жазғы Олимпиадаға қатысып жатыр. Осыған дейінгі Токио Олимпиадасында ұлттық құрама 8 қола медаль иеленіп, 83-орынға тұрақтаған болатын.

Қазақстан құрамасы
Қазақстан құрамасы. Фото: Michael Reaves/Getty Images

Париж Олимпиадасы 11 тамызға дейін жалғасады. Байрақты бәсекеге 205 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады. Ал Қазақстан намысын 79 спортшы қорғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140398-qazaqstan-quramasy-parizh-olimpiadasynyng-ashylu-saltanatyna-qatysty/