Қазақстандық спортшы Владислав Яковлев Париж-2024 Олимпиадасында ескек есу жарысы бойынша іріктеуге түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Бұл спорт түрінен турнир сәрсенбі күні ерлер арасында 2000 метр қашықтыққа алдын ала жекелей жүзуден басталды. Ал бүгін Яковлев алты спортшы ішінен бесінші болып мәре сызығын кесті. Оның көрсеткіші 7 минут 21,56 секунд. Осы топтан үздік үш нәтиже көрсеткен ескекші ширек финалға өтті. Ал Яковлев медаль үшін күресті жалғастыра алмайды. Десе де жұбаныш сайысында күш сынасады.
Айта кетейік, Яковлев 31 жаста. 2024 жылғы Олимпиада оның мансабындағы төртіншісі болды. Бұған дейін Қазақстандық Ойындарда 19-орыннан жоғары көтерілмеген еді (Токио-2020).
Бүгін, 27 шілдеде Франция астанасында Олимпиада ойындарының алғашқы ресми күні өтеді. Қазақстанның 12 өкілі өнер көрсетсе, оның жетеуі Олимпиаданың алғашқы жүлделерін сарапқа салады.
- Париж Олимпиадасы: бүгін жарыс жолына қай спортшыларымыз шығады
- Парижде жазғы Олимпиада ойындары ресми түрде басталды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140497-eskek-esuden-zhalgyz-qazaqstandyq-2024-zhylgy-olimpiada-oiyndaryn-bastady/