Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Франция президенті Сметов қатысқан финалдық кездесуді тамашалады

Жарияланған күні:

Франция президенті Эммануэль Макрон
Франция президенті Эммануэль Макрон. Фото: Buda Mendes/Getty Images

Франция президенті Эммануэль Макрон Париж Олимпиадасы аясында өткен дзюдо бәсекесінің финалдық кездесуін тамашалады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

60 кг салмақ дәрежесінде финалдық кездесуде белдескен қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов пен франциялық Лука Мхеидзе арасындағы кездесуді Франция президенті Эммануэль Макрон аренадан тамашалады.

Ал бұл белдесуде Елдос Сметов франциялық дзюдошы Лука Мхеидзеден 1:0 есебімен басым түсті.

Осылайша, Елдос Сметов үш дүркін Олимпиада жүлдегері атанды. Ол Рио-2016 бәсекесінде күміс, Токио-2020 додасында қола медаль жеңіп алған еді.

Осыған дейін дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасында жүлдесіз қалғанын жазған болатынбыз. Ол қола жүлде үшін өткен тарысты белдесуде Швеция өкілі Тара Бабулфатқа есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140674-frantsiia-prezidenti-smetov-qatysqan-finaldyq-kezdesudi-tamashalady/