Франция астанасы Парижде ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының семсерлесу бәсекесінің алғашқы сайыстары басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Париж Олимпиадасы аясында шпагамен семсерлесу бойынша жекелей сайыстар басталды. Жарыстың 1/16 финалдық кезеңінде қазақстандық семсерлесуші Руслан Курбанов марокколық Хусам эль Кордпен кездесті. Үш кезеңннің қорытындысы бойынша қазақстандық семсерлесуші 15:13 есебімен жеңіске жетті.
Руслан Курбанов 1/8 финалдық кезеңінде франциялық Ромен Каннонмен шеберлік байқасады. Бұл кездесу сағат 18:05-те басталады.
Сонымен қатар бүгін шпагамен семсерлесу бойынша жекелей сында Эльмир Әлімжанов жарыс жолына шығады.
Ал тағы бір қазақстандық семсерлесуші Вадим Шарлаимов 1/16 финалдық кезеңінде жеңіліс тауып, жарыс жолынан шығып қалған болатын.
Айта кетейік, дзюдодан 66 кг дейін салмақ дәрежесінде белдесетін Ғұсман Қырғызбаев ширек финалда қарсыласынан басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140864-ruslan-kurbanov-olimpiada-oiyndaryndagy-algashqy-zhengisine-qol-zhetkizdi/