Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық семсерлесуші франциялық қарсыласынан жеңісті жұлып алды

Жарияланған күні:

Эльмир Әлімжанов
Эльмир Әлімжанов. Фото: olympic.kz

Франция астанасы Парижде ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындары аясында шпагамен семсерлесу бәсекесінің жекелей сынында қазақстандық Эльмир Әлімжанов сынға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Париж Олимпиадасы аясында шпагамен семсерлесу бойынша жекелей сайыстар басталды. Жарыстың 1/16 финалдық кезеңінде қазақстандық Эльмир Әлімжанов франциялық Луиджи Мидельтонмен кездесті. Тартысқа толы бәсекенің қорытындысы бойынша қазақстандық семсерлесуші 15:14 есебімен жеңіске жетті.

Эльмир Әлімжанов 1/8 финалдық кезеңінде италиялық семсерлесуші Федерико Висмарамен кездеседі. Кездесу сағат 18:30-да басталады.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық спортшы Руслан Курбанов жекелей сында 1/8 финалдық кезеңге жолдама алды. Ал Вадим Шарлаимов 1/16 финалдық кезеңінде жеңіліс тапқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140867-qazaqstandyq-semserlesushi-frantsiialyq-qarsylasynan-zhengisti-zhulyp-aldy/