Париж Олимпиадасы аясында шпагамен семсерлесу бәсекесінің 1/8 финалдық кезеңінде қазақстандық Руслан Курбанов өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Шпагамен семсерлесу бәсекесінің 1/8 финалдық кезеңінде қазақстандық семсерлесуші Руслан Курбанов франциялық Ромен Каннонмен шеберлік байқасты.
Үш кезеңнің нәтижесінде қазақстандық семсерлесуші 15:10 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, 27 жастағы франциялық семсерлесуші Ромен Каннон 2021 жылғы Токио Олимпиадасының чемпионы атанған, сондай-ақ 2022 жылғы әлем біріншілігінде топ жарған.
Сонымен қатар тағы бір қазақстандық семсерлесуші Эльмир Әлімжанов 1/8 финалдық кезеңде италиялық семсерлесуші Федерико Висмарамен кездеседі.
Шпагамен семсерлесу бәсекесінің жекелей сынында өнер көрсеткен қазақстандық семсерлесуші Вадим Шарлаимов 1/16 финалдық кезеңінде жеңіліс тауып, жарыс жолынан шығып қалған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2140929-ruslan-kurbanov-olimpiada-chempionyn-qapyda-qaldyryp-shirek-finalga-shyqty/