jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Париж Олимпиадасы: Эльмир Әлімжанов ширек финалға шыға алмады

    Семсерлесуші Эльмир Әлімжанов
    Семсерлесуші Эльмир Әлімжанов. Фото: Olympic.kz

    Париж Олимпиадасы аясында шпагамен семсерлесу бәсекесінің 1/8 финалдық кезеңінде қазақстандық Эльмир Әлімжанов өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Шпагамен семсерлесу бәсекесінің 1/8 финалдық кезеңінде қазақстандық спортшы Эльмир Әлімжанов италиялық Федерико Висмарамен кездесті.

    Үш кезеңнің нәтижесінде қос спортшы тең түсті (13:13). Бірақ қосымша уақытта италиялық семсерлесуші отандасымыздан айласын асырып кетті.

    Федерико Висмара Олимпиада жеребесі кезінде 9-нөмір саналған. Ал отандасымыз 25-сатыда болды.

    Айта кетейік, қазақстандық семсерлесуші Руслан Курбанов 1/8 финалдық кезеңде Олимпиада чемпионын қапыда қалдырып, ширек финалға жолдама алған болатын.

    Шпагамен семсерлесу бәсекесінің жекелей сынында өнер көрсеткен қазақстандық семсерлесуші Вадим Шарлаимов 1/16 финалдық кезеңінде жеңіліс тауып, жарыс жолынан шығып қалған болатын.

    Париж Олимпиадасы: Эльмир Әлімжанов ширек финалға шыға алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.