Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық мергендер жарыс жолынан шығып қалды

Жарияланған күні:

Никита Чирюкин
Никита Чирюкин. Фото: Тұрар Қазанғапов/Спортты дамыту дирекциясы

Париж Олимпиадасы аясында пневматикалық тапаншадан оқу ату сынында қазақстандық жұп өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Пневматикалық тапаншадан (10 м) оқу ату сынында Ирина Юнусметова / Никита Чирюкин жұбы бақ сынасты. 17 команда қатысқан бұл сайыста қазақстандық спортшылар 575-19 ұпай жинақтап, 11-орынға тұрақтады.

Ал бұл сайыста 1-2-орындарды Түркия мен Сербия құрамалары сарапқа салса, қола жүлде үшін таласта Үндістан мен Оңтүстік Корея мергендері шеберлік байқасады.

Айта кетейік, пневматикалық тапаншамен нысана көздеуден (10 метр) әйелдер арасындағы іріктеу бәсекесінде шеберлік байқасқан Ирина Юнусметова финалдық кезеңге өте алмаған болатын.

Қазіргі таңда ел қоржынында бір алтын, екі қола медаль бар. Олимпиаданың алғашқы күні дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа тақса, Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қоланы қанжығасына байлады. Ал күні кеше дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев байрақты бәсекенің қола жүлдесін жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2141254-qazaqstandyq-mergender-zharys-zholynan-shygyp-qaldy/