Қазақстандық семсерлесуші Олимпиада чемпионына есе жіберіп қойды
Опубликовано:
Қазақстандық семсерлесуші Әйгерім Сарыбай Париж Олимпиадасының екінші айналымында өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Франция астанасы Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындары аясында семсерлесуден "сабля" санаты бойынша 1/32 финалдық кезеңдегі сайыстар басталды. Бұл айналымда қазақстандық спортшы Әйгерім Сарыбай франциялық Манон Брюнеге қарсы тұрды.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Әйгерім Сарыбай 12:15 есебімен жеңіліс тапты.
Айта кетейік, Манон Брюне – Токио Олимпиадасында жекелей сында қола, командалық сайыста күміс еншілеген. Сондай-ақ 2017 жылғы әлем чемпионатында командалық бәсекеде алтынға қол созған. 2023 жылғы Еуропа чемпионатының жекелей сынында топ жарып, алтыннан алқа таққан.
- Олимпиада ойындарының жүлдегері Александра Ле финалдық кезеңде өнер көрсетті
- Владислав Яковлев жұбаныш финалына жолдама алды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2141295-qazaqstandyq-semserlesushi-olimpiada-chempionyna-ese-zhiberip-qoidy/