Қазақстандық мерген Александра Ле Париж Олимпиадасында сәтті өнер көрсетіп келеді. Қазақстандық спортшы бұл байрақты бәсекеде үлкен мөлшердегі сыйақыға ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Пневматикалық мылтық атудан (10 метр) қазақстандық спортшы Александра Ле 165,4 ұпай жинақтап, 6-орынға ие болды.
Елімізде Олимпиада ойындарында 6-орын алған спортшыларға 5 мың АҚШ доллары (шамамен 2,4 миллион теңге) мөлшерінде сыйақы көзделген.
Осыған дейін Александра Ле мен Ислам Сәтпаев аралас командалық дуэтте қола жүлдені еншілеген болатын. Бұл додада Қазақстан қоржынына түскен алғашқы жүлде болып саналады. Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындарының қола жүлдегеріне 75 мың доллар көлемінде сыйақы табысталады.
Осылайша Париждегі Олимпиада ойындарында қазақстандық мерген Александра Ле 80 мың АҚШ доллары (шамамен 37 миллион теңге) мөлшерінде табыс тапты. Сонымен қатар қазақстандық мерген Париж Олимпиадасында тағы бір медаль үшін сынға түседі. 1 тамызда ол мылтық атудан (50 метр) өз мүмкіндігін сараптап көред.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2141380-el-qorzhynyna-algashqy-zhuldeni-salgan-mergen-olimpiadada-qansha-tabys-tapty/