Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық теннисшілер Париж Олимпиадасында түгел жеңілді

Жарияланған күні:

Қазақстандық теннисші Александр Бублик
Қазақстандық теннисші Александр Бублик. Фото: Matthew Stockman/Getty Images

Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Александр Недовесов Париж Олимпиадасында жұптық сында өнер көрсетіп, жеңіліске ұшырады. Осылайша, теннистен Қазақстан құрамасы Парижде бірде-бір медаль иелене алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Александр Бублик пен Александр Недовесов Бразилиядан келген жұп Тьяго Монтейро және Тьяго Уайлдқа қарсы ойнады. Бұл бәсекеде бразилиялықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Еске салайық, Александр Бублик жекелей сында АҚШ өкілі Тэйлор Фрицпен кездесіп, 2:0 (4:6, 4:6) есебімен жеңіліп қалған еді. Тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко Олимпиаданың алғашқы айналымында чехиялық Якуб Меншикке есе жіберген болатын (3:6, 4:6).

Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Олимпиадаға қатыспады. Юлия Путинцева да тізесін жарақаттап алып, төрт жылдықтың басты бәсекесінен шет қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2141386-qazaqstandyq-tennisshiler-parizh-olimpiadasynda-zhuptyq-synda-zhengiliske-ushyrady/