Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж-2024: қазақстандық спортшы Кирилл Герасименко ширек финалға өте алмады

Жарияланған күні:

Қазақстандық спортшы Кирилл Герасименко
Қазақстандық спортшы Кирилл Герасименко. Фото: Elsa/Getty Images

Париж Олимпиадасында үстел теннисінен сынға түскен жалғыз қазақстандық спортшы Кирилл Герасименко ширек финалға өте алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Кирилл Герасименко 1/8 финалда Мысыр өкілі Омар Ассармен кездесті. Бұл ойында қазақстандық спортшы 4:2 (8:11, 6:11, 12:10, 12:10, 11:9, 11:3) есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Кирилл Париж Олимпиадасындағы алғашқы ойынында Чили елінің өкілі Николас Бургоспен шеберлік байқасып, 4 сетте де (11:4, 11:5, 12:10, 11:6) басым түскен еді. Кейін ол 1/16 финалда германиялық теннисші Данк Кьюға қарсы ойнап, 4:3 (6:11, 11:6, 13:11, 5:11,11:5,11:9) есебімен жеңген болатын.

Кирилл Герасименко үшінші рет Олимпиадаға қатысты. Ол Риода алғашқы айналымнан сүрінсе, Токиода үшінші кезеңде жеңіліп қалған.

Еске салайық, үлкен теннистен Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында бірде-бір медаль иелене алмаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2142708-parizh-2024-kirill-gerasimenko-shirek-finalga-ote-almady/