jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қазақстандық гимнаст Париж Олимпиадасының финалында соңғы орын алды

    Қазақстандық гимнаст Милад Карими
    Қазақстандық гимнаст Милад Карими. Фото: olympic.kz

    Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Милад Карими Париж Олимпиадасының финалында өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Милад Карими жекелей көпсайыста бақ сынап, 76.065 ұпай жинады. Ол әр жаттығуда төмендегідей нәтиже көрсетті:

    • Еркін жаттығу – 13.433;
    • Тұтқалы ат жаттығуы – 8.533;
    • Шығыршықтағы жаттығу – 12.933;
    • Қол тіреп секіру – 14.400;
    • Қоссырықтағы жаттығу – 14.066;
    • Керме жаттығуы – 12.700.

    Жарыс нәтижесінде қазақстандық гимнаст соңғы – 24-орынға табан тіреді. Алтын медальді жапониялық Шинносуке Ока (86.832) иеленсе, күмісті Қытай спортшысы Бохэнь Чжан (86.599), ал қола жүлдені тағы бір қытайлық Сяо Жотэн (86.364) еншіледі.

    Айта кетейік, Милад Карими 4 тамызда қол тіреп секіруден финалда сынға түседі. Сол күні оның командаласы Нариман Құрбанов ат снаряды жаттығуында алтын медальға таласады.

    Милад Карими Токио-2020 Олимпиадасына да қатысып, еркін жаттығудан 5-орын, кермеде жаттығудан 8-орын, ал көпсайыстан 14-орын алған еді.

    Қазақстандық гимнаст Париж Олимпиадасының финалында соңғы орын алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.