jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық гимнаст Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

    Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов
    Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов. Фото: olympic.kz

    Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Нариман Құрбанов тұтқалы ат жаттығуының ақтық кезеңінде 15,433 ұпай жинап, екінші орын алды. Алтын жүлдені ирландиялық Рис МакЛенаган (15,533) жеңіп алса, қола медальді америкалық Стивен Недорошик (15,300) еншіледі.

    Осылайша, Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарында жүлде иеленген тұңғыш қазақстандық спортшы атанды.

    Бұл – Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржынына түскен төртінші медаль. Осыған дейін нысана көздеуден Александра Ле мен Ислам Сәтбаев аралас командалық сында бақ сынап, қола жүлде еншілеген еді. Ал дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа тақса, тағы бір татами шебері Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдені қанжығалаған болатын.

    Еске салайық, қазақстандық гимнаст Милад Карими еркін жаттығудың ақтық кезеңінде 14,500 ұпай жинап, 8 спортшының ішінде 5-орынға тұрақтаған еді.

    Қазақстандық гимнаст Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.