Париж Олимпиадасының жетінші күні қазақстандық спортшылар сегіз спорт түрінен бақ сынайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
2 тамызға арналған жарыс кестесі (Астана уақыты бойынша):
12:30. Стенд ату. Трап, іріктеу (ерлер)
- Эдуард Ещенко.
12:54. Академиялық ескек есу. Е финалы (ерлер)
- Владислав Яковлев.
13:15. Жеңіл атлетика. Биікке секіру, іріктеу (әйелдер), "Ел арна" телеарнасы
- Надежда Дубовицкая және Елизавета Матвеева.
13:00. Дзюдо. 1/16 финал (әйелдер), "Хабар" телеарнасы
- Камила Берліқаш — Адиясурен Амарсайхан (Моңғолия). 78+ кг.
14:00. Жүзу. 100 метрге баттерфляй әдісі бойынша іріктеу (ерлер), Qazsport телеарнасы
- Әділбек Мусин.
16:30. Семсерлесу. Командалық шпага (ерлер)
- Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов.
Финал 22:30-ға жоспарланған.
20:22. Бокс. 1/4 финал (ерлер), "Ел арна"
- Нұрбек Оралбай – Мурад Аллахвердиев (Әзербайжан). 80 кг.
21:00. Батуттық гимнастика. Іріктеу (ерлер), Qazsport телеарнасы
- Данил Мұсабаев.
Финал 22:50-ге жоспарланған.
23:32. Бокс. 1/8 финал (әйелдер), "Хабар" телеарнасы
- Карина Ибрагимова – Эшлионн Лосада Мотта (Пуэрто-Рико). 57 кг.
00:20. Бокс. 1/4 финал (ерлер), "Хабар" телеарнасы
- Сәкен Бибосынов – Хасанбой Дусматов (Өзбекстан). 51 кг.
Айта кетейік, әзірге Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 1 алтын 2 қола жүлдесі бар.
- Тағы бір қазақстандық боксшы Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады
- Александр Еременко алғашқы айналымнан аса алмады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2143470-parizh-olimpiadasy-bugin-qai-sportshylarymyz-synga-tusedi/