Қазақстандық жеңіл атлеттер Елизавета Матвеева мен Надежда Дубовицкая Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Париж Олимпиадасы аясында қазақстандық жеңіл атлеттер Елизавета Матвеева мен Надежда Дубовицкая биікке секіру бәсекесінде сынға түсті. Бұл сайысқа жалпы 32 спортшы қатысты.
Келесі кезеңге үздік деп танылған 12 спортшы өтеді.
Қазақстандық спортшылардың арасынан бірінші болып Надежда Дубовицкая жарыс жолынан шығып қалды. Ол 1,83 метр биіктікті бағындырғанымен, 1,88 метр межеге келгенде сүрінді.
Екінші қазақстандық жеңіл атлет Елизавета Матвеева 1,92 метр биіктікті еңсере алмады. Осылайша қос қазақстандық жеңіл атлет финалдық кезеңге жолдама ала алмады.
Айта кетейік, Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындары 11 тамызға дейін жалғасын табады.
Қазіргі уақытта ел қоржынында 1 алтын, 2 қола медаль бар. Олимпиада ойындарындағы алты жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы медаль кестесінде Бельгия және Ирландия құрамаларымен 20-орында тұр.
- Әділбек Мусин жартылай финалға жолдама ала алмады
- Қазақстандық дзюдошы қыз алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2143609-qazaqstandyq-zhengil-atletter-irikteu-kezenginde-oner-korsetti/