Қазақстандық Алексей Луценко мен Евгений Федоров Париж Олимпиадасындағы велоспорттан командалық сында өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Бүгін, 3 тамызда Франция астанасы Парижде 273 шақырымға созылған командалық веложарыс өтті. Аталмыш бәсекеге Қазақстан құрамасы атынан екі спортшы қатысты. Олар Алексей Луценко және Евгений Федоров. Луценко біршама уақыт бәйгенің алдын бермей жүлдеге үміткерлер қатарынан да көрінді. Алайда мәреге шамамен 70 шақырымдай қалғанда пелотонның ортасына қарай ойысты. Нәтижесінде мәре сызығын 52-і болып кесті. Оның нәтижесі 6 сағат 26 минут және 57 секунд. Ал Евгений Федоров жарысты мерзімінен бұрын аяқтап, мәреге жетпеді.
Бельгиялық спортшы Евенпул Ремко 273 шақырымды 6 сағат 19 минут және 34 секундта бағындырып, Париж Олимпиадасының екі дүркін чемпионы атанды. Екінші орында жергілікті шабандоз Мадуа Валентин (6:20:45). Қола жүлде де франциялық спортшы Кристов Лапортқа бұйырды (6:20:50).
Айта кетейік, бүгін қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2144124-aleksandr-vinokurovtyng-izbasarlary-parizh-olimpiadasynda-oner-korsetti/