Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж-2024: қазақстандық желаяқ мәре сызығын соңғы болып кесті

Жарияланған күні:

Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Сафронова (ортада)
Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Сафронова (ортада). Фото: olympic.kz

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Ольга Сафронова Париж Олимпиадасының жартылай финалына тікелей жолдама ала алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ольга Сафронова 200 метрге жүгіру сайысының іріктеу кезеңінде бақ сынады. Ол белгіленген межені 23,58 cекундта бағындырып, мәре сызығын соңғы – жетінші болып кесті. Осылайша, келесі кезеңге тікелей өткен үштіктің қатарына ене алмады. Енді қазақстандық жеңіл атлет жұбаныш кезеңінде сынға түсіп, жартылай финалға шығуға тағы да талпынып көреді.

Айта кетейік, Ольга Сафронова Париж Олимпиадасының ашылу салтанатында боксшы Асланбек Шымбергеновпен бірге Қазақстан туын ұстап шыққан еді. 32 жастағы спортшы Лондон (2012), Рио (2016) және Токио (2020) Олимпиадаларында сынға түскен. Бірақ ешқайсында жүлде еншілей алмаған болатын.

Осыған дейін қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто 3000 метрге кедергімен жүгіру сайысының финалына жолдама алғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2144286-parizh-2024-qazaqstandyq-zhelaiaq-mare-syzygyn-zhetinshi-bolyp-kesti/