jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық мерген Никита Чирюкин іріктеу кезеңінен аса алмады

    Никита Чирюкин
    Никита Чирюкин. Фото: Тұрар Қазанғапов/Спортты дамыту дирекциясы

    Қазақстандық спортшы Никита Чирюкин нысана көздеуден іріктеу кезеңінің екінші айналымында өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қазақстандық спортшы Никита Чирюкин тапанша атудан (25 м) іріктеу кезеңінің екінші айналымында бәсекеге түсті. Нәтижесінде қазақстандық мерген қос кезеңнің қорытындысы бойынша 583 ұпай (орташа көрсеткіш – 9.717 ұпай) жинақтап, 10-орынға жайғасты.

    Алғашқы айналымда қазақстандық мерген 293 ұпай (орташа көрсеткіш – 9.767 ұпай) жинақтап, 6-орынды еншілеген еді.

    Бұл сайысқа жалпы саны 29 спортшы қатысқан болатын. Осы бәсекеде үздік деп танылған 6 мерген ақтық кезеңде өзара мықтыны анықтайды.

    Айта кетейік, Никита Чирюкин биылғы жылы Джакартада (Индонезия) өткен Азия чемпионатында нысана көздеуден топ жарған болатын.

    Бұған дейін пневматикалық тапаншадан (10 м) оқу ату сынында Ирина Юнусметова / Никита Чирюкин жұбы бақ сынасқан болатын. 17 команда қатысқан бұл сайыста қазақстандық спортшылар 575 ұпай жинақтап, 11-орынға тұрақтаған еді.

    Қазақстандық мерген Никита Чирюкин іріктеу кезеңінен аса алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.