jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Париж Олимпиадасы: қазақстандық жеңіл атлет мәреге жетінші болып жетті

    Қазақстандық жеңіл атлет Давид Ефремов (оң жақта)
    Қазақстандық жеңіл атлет Давид Ефремов (оң жақта). Фото: olympic.kz

    Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Давид Ефремов Париж Олимпиадасының жартылай финалына тікелей жолдама ала алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Давид Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысының іріктеу кезеңінде сынға түсті. Қазақстандық спортшы өз тобындағы сегіз атлеттің ішінде мәреге жетінші болып келді. Оның көрсеткіші – 13,88 секунд.

    Осылайша, Ефремов жартылай финалға тікелей жолдама алған үштіктің қатарына кіре алмады. Енді ол жұбаныш кезеңіне қатысып, келесі кезеңге өтуге тағы талпынып көреді.

    Бұған дейін қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто 3000 метрге кедергімен жүгіру сайысының финалына жолдама алғанын жазған едік. Дәл осы сайыста бақ сынаған оның командаласы Дэйзи Джепкемей 10-орын алып, ақтық кезеңге өте алмай қалды.

    Сондай-ақ Ольга Сафронова 200 метрге жүгіру сайысының іріктеу кезеңінде мәре сызығын соңғы болып кесіп, жартылай финалдан шет қалған еді.

    Әзірге Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдесі бар. Байрақты бәсеке 11 тамызға дейін жалғасады.

    Париж Олимпиадасы: қазақстандық жеңіл атлет мәреге жетінші болып жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.