jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Елдос Сметов бастаған қазақстандық дзюдошылар елге оралды

    Елдос Сметов
    Елдос Сметов. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстандық жанкүйерлер Алматы қаласының әуежайында Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаев бастаған дзюдодан Қазақстан құрамасын күтіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Парижде өткен XXXIIІ Олимпиада ойындарына қатысқан дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының алғашқы легі елге оралады. Оның ішінде Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен қола медаль иегері Ғұсман Қырғызбаев та бар. Оларды қарсы алуға ата-анасы, достары, БАҚ өкілдері және жанкүйерлері келді.

    Елдостың ата-анасы баласының жеңіске жететініне әуелден сенімді болғанын айтады. Олимпиада чемпионы үйден кеткенде қола бар, күмісті де алдым, енді алтын керек деген екен.

    "Кішкентайынан бауырларымен спорт залға өз аяғымен барған еді. Баламның алтын әкелетініне сенімді болдық. Тіпті сол үшін үйді жаңартып, жөндеулер де жасап қойдық. Маған ол “Әке, алтын алам” деп сенімді айтқан", - дейді чемпионның әкесі Бақтыбай Сметов.

    Ғұсман Қырғызбаев та алғашқы әсерін бөлісіп, қазақстандық жанкүйерлерге алғыс айтты.

    "Толқып тұрмын. Керемет күтіп алып жатыр. Қазақ еліне алла разы болсын, өте қуаныштымын. Орын алғанда қандай сезімде екенім білінбеп еді. Алматыға ұшып келгенде ғана білініп жатыр. Қола медальдың өзі қазақ елі үшін үлкен мақтаныш екеніне көзім жетті", - деді Ғұсман Қырғызбаев.

    Париж Олимпиадасының қос жүлдегерінен кейін Алматы әуежайына ұлттық құраманың басқа мүшелері де келді. Олардың ішінде дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Сүлейменов Нұрбол және Әбиба Әбужақынова сияқты спортшылар бар.

    Елдос Сметов
    Елдос Сметов. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ғұсман Қырғызбаев
    Ғұсман Қырғызбаев. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Елдос Сметов
    Елдос Сметов. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ғұсман Қырғызбаев пен жақындары
    Ғұсман Қырғызбаев пен жақындары. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Елдос Сметов
    Елдос Сметов. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Спортшыларды күтіп алуға келген ІІМ қызметкерлері
    Спортшыларды күтіп алуға келген ІІМ қызметкерлері. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Елдос Сметов бастаған қазақстандық дзюдошылар елге оралды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.