Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшы Париж Олимпиадасында сүйіктісіне сөз салды (фото)

Жарияланған күні:

Константин мен Арина
Константин мен Арина. Фото: kazsports.kz

Парижден 300 шақырымдай жердегі Шатору қаласында әлемнің таңдаулы мергендері кезекті жүлде жиынтығын сарапқа салып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Алғаш рет Олимпиадада ел намысын қорғаған Константин Малиновский сүйгені Арина Алтуховаға сөз салды. Константин өзінің туған күнінде Парижде ғашығына сезімін білдірді. Ал Арина көп күттірмей "иә" деген сөзін айтты.

Константин Малиновский Париж Олимпиадасының лицензиясын былтыр қарашада Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өткен Азия чемпионатында жеңіп алған. Ал сол сәттен бір күн бұрын Арина Алтухова 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуде жолдамаға иелік еткен. Константин сол кезде Париж Олимпиадасына барып, Аринаға сөз салу үшін барын салғанын айтады.

"Лицензияны Оңтүстік Кореядағы Азия чемпионатында алдым. Бұл жарысқа тыңғылықты дайындалып бардым. Бір күн бұрын қызым Арина лицензия алғанда іштей менің де қолымнан келеді. Одан қалып кетпеуім керек деп ойладым", - деді ол Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі арнайы дайындаған "Олимп жолы" бағдарламасына берген сұқбатында

Ал Арина Алтухова осы сәтті ерекше еске алып, қазір бақытты екенін айтты.

"Жарыстарымыз аяқталған соң қалада серуендеп жүрдік. Саябақта болғанда маған тезерлеп жүзігін ұсынып тұрған Константинді көргенде өз көзіме сене алмадым. Менің есімде мәңгі сақталатын сәт болар. Қазір бақыттымын", - деді Арина Алтухова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2144541-qazaqstandyq-sportshy-parizh-olimpiadasynda-suiiktisine-soz-saldy-foto/