Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж-2024: Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий ширек финалда сынға түседі

Жарияланған күні:

Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий
Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий. Фото: olympic.kz

Байдарка мен каноэ есуден Қазақстан құрамасының өкілдері Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңінде сынға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий дуэті байдаркамен 500 метрге жарысудан бақ сынады. Бес жұп қатысқан сайыста қазақстандық спортшылар мәре сызығын соңғы болып кесті. Олардың уақыт көрсеткіші – 1 минут 38,62 секунд.

Үздік нәтиже көрсеткен екі жұп жартылай финалға тікелей жолдама алды. Ал Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий ширек финалда бақ сынайды.

Айта кетейік, қазақстандық дуэт Токиода (Жапония) өткен іріктеу турнирінде Париж Олимпиадасының лицензиясын ұтып алған еді.

Осыған дейін байдарка мен каноэ есуден Қазақстан құрамасының спортшылары Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов, сондай-ақ Мария Бровкова мен Руфина Искакова Париж Олимпиадасының жартылай финалына тікелей жолдама ала алмады. Олар да ширек финалға қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2145112-parizh-2024-bekarys-ramatulla-men-sergei-tokarnitskii-shirek-finalda-synga-tusedi/