Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасы: Әмір Маймұратов құзға өрмелеуден аралық кезеңде сынға түсті

Жарияланған күні:

Әмір Маймұратов
Әмір Маймұратов. Фото: Olympic.kz

Әмір Маймұратов Париж Олимпиадасы аясында жылдамдыққа құзға өрмелеу бәсекесінде аралық кезеңде өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ерлер арасында жылдамдыққа құзға өрмелеуден аралық кезеңде Қазақстан атынан Әмір Маймұратов қатысты.

Әмір Маймұратов А жолағында 4,89 секунд нәтижесін көрсеткен болатын. Ал В жолағында 8,45 секундта биіктікті бағындырды. Осылайша, қазақстандық спортшы аралық кезеңді 2-орынмен аяқтады.

Аралық кезеңнің ережесі бойынша барлық қатысушы осы сайыстағы көрсеткіші бойынша іріктеу кезеңіне жолдама алады.

Айта кетейік, Әмір Маймұратов А жолағында көрсеткен нәтижесі (4,89 секунд) бойынша Олимпиада рекордын жаңартқан болатын. Алайда одан кейін сынға түскен Индонезия спортшысы Леонардо Веддрик 4,79 секунд тіркеп, Әмір Маймұратовтың рекордын жаңартты.

Ширек финал, жартылай финал, финалдық кезеңдер 8 тамызда болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2145228-parizh-olimpiadasy-amir-maimuratov-quzga-ormeleuden-aralyq-kezengde-synga-tusti/