Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нариман Құрбанов: Мансабымды жалғастырып, алтын жүлде иеленуге күш саламын

Жарияланған күні:

Нариман Құрбанов
Нариман Құрбанов. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Париж Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов елге оралып, тарихи жүлдесі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Париж Олимпиадасындағы басты қарсыластарым британиялық, ирландиялық, америкалық гимнастар болды. Менің мансабымның ең қызған шағы енді басталып жатыр деп ойлаймын. Ең дұрысы мансабымды жалғастырып, алтын медаль алуға бар күшімді салуым керек.

Бәрі маған үміт артты, жүлде алатынымды алдын ала болжап қойды. Бірақ әлі күнге дейін Олимпиада медалін жеңіп алғаныма сене алмаймын. Осы жүлдені Қазақстан халқына арнаймын. Өйткені бұл еліміз үшін көптен күткен медаль", - деді Нариман Құрбанов.

Еске сала кетсек, Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында тұтқалы ат жаттығуының ақтық кезеңінде 15,433 ұпай жинап, күміс жүлде еншілеген еді. Осылайша, спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарында жүлде иеленген тұңғыш қазақстандық спортшы атанды.

Осыған дейін Қазақстанның спорттық гимнастика және оқ ату құрамасының мүшелері елге оралғанын жазған едік.

Нариман Құрбанов
Нариман Құрбанов. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Нариман Құрбанов
Нариман Құрбанов. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Нариман Құрбановтың жанкүйері
Нариман Құрбановтың жанкүйері. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Нариман Құрбанов
Нариман Құрбанов. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2145612-nariman-qurbanov-mansabymdy-zhalgastyryp-altyn-zhulde-ielenuge-kush-salamyn/