jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Париж Олимпиадасы: Бекарыс Раматулла жартылай финалға шыға алмады

    Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий
    Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий: Olympic.kz

    Ерлер арасында байдаркада ескек есуден қазақстандық Бекарыс Раматулла іріктеу кезеңінде сынға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    1000 метрге байдаркада ескек есуден ерлер арасында жекелей сында қазақстандық Бекарыс Раматулла өнер көрсетті. Өз тобында сынға түскен алты спортшының ішінен соңғы болып мәре сызығын кесті. Қазақстандық спортшының көрсеткіші – 3:44:47.

    Ереже бойынша әр топта үздік атанған 2 спортшы жартылай финалға тікелей жолдама алады. Ал кейінгі орынға жайғасқан спортшылар ширек финалда бақ сынап, жартылай финалға өтуге тырысады.

    Сондай-ақ бүгін, 7 тамызда 1000 метрге каноэде ескек есуден ерлер арасында жекелей сында Сергей Емельянов бақ сынайды.

    Кеше, 6 тамызда Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий дуэті байдаркамен 500 метрге жарысудан өнер көрсетіп, қазақстандық спортшылар мәре сызығын соңғы болып кескен болатын.

    Айта кетейік, қазіргі уақытта ел қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль бар. Сондай-ақ бүгін екі спортшымыз финалдық кезеңде өнер көрсетіп, алтын жүлде үшін таласады.

    Париж Олимпиадасы: Бекарыс Раматулла жартылай финалға шыға алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.