Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ бапкері баптайтын Тунис таеквондошылары Олимпиада жүлдесін жеңіп алды

Жарияланған күні:

Таеквондошы Мохамед Халиль Жендуби мен Тунис құрамасының бапкерлері (оң жақта Есбол Сұлтанов)
Таеквондошы Мохамед Халиль Жендуби мен Тунис құрамасының бапкерлері (оң жақта Есбол Сұлтанов). Фото: Alex Pantling/Getty Images

Қазақ бапкері Есбол Сұлтанов жаттықтыратын таеквондодан Тунис құрамасы Париж Олимпиадасының жүлдесін иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Кеше, 7 тамызда таеквондодан ерлер арасында 58 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Тунис елінің спортшысы Мохамед Халиль Жендуби Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Ал Есбол Сұлтанов таеквондодан Тунис құрамасының бас бапкері қызметін атқарып, спортшыларды жаттықтырып жүр.

Есбол Сұлтанов спортшы ретінде 2007 жылы Бейжіңде өткен әлем чемпионатында ерлер арасында 72 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған. Сондай-ақ 2006 жылы Дохада өткен Азия ойындарында және 2007 жылы Бангкокта өткен жазғы Универсиадада өнер көрсеткен.

Есбол Сұлтанов 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап таеквондодан Тунис құрамасының бас бапкері қызметін атқарады. El.kz сайтына берген сұқбатында ол бұл құрамадағы келісімшарт мерзімі Париж Олимпиадасына дейін екенін айтты. Сондай-ақ осы Олимпиадаға Есбол Сұлтанов жаттықтыратын Тунис елінің 4 таеквондошысы жолдама алған.

Айта кетейік, бұл салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық таеквондошы Самирхон Абабакиров алғашқы айналымда италиялық Вито Делль'аквиламен шеберлік байқасқан болатын. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 1:2 (12:6, 3:4, 3:7) есебімен жеңіліс тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2146113-qazaq-bapkeri-baptaityn-tunis-taekvondoshylary-olimpiada-zhuldesin-zhengip-aldy/