Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Париж Олимпиадасы: қазақстандық спортшы рейтингтік раундта 35-орын алды

Жарияланған күні:

Қазақстандық спортшы Георгий Борода-Дудочкин
Қазақстандық спортшы Георгий Борода-Дудочкин. Фото: kazsports.kz

Қазақстандық спортшы Георгий Борода-Дудочкин Париж Олимпиадасында қазіргі бессайыс аясында семсерлесу сынынан рейтингтік раундқа қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Георгий Борода-Дудочкин 36 спортшының ішінде 35-орынға тұрақтады. Ол 10 рет жеңсе, 25 мәрте жеңіліп, 175 ұпай жинады. Ертең қазақстандық спортшы жартылай финалды А тобында көш басындағы мысырлық қарсыласымен бірге бастайды.

Спортшылар ертең 200 метрге еркін әдіспен жүзу, конкур (атпен шабу) және лазер-ран (жүгіру, оқ ату) бойынша бақ сынайды.

Айта кетейік, Георгий Борода-Дудочкин 2023 жылы Ханчжоуда өткен ХІХ жазғы Азия ойындарында Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленген еді. Ол финалда 10-орынға тұрақтаған болатын.

Әзірге Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдесі бар. Төрт жылдықтың басты бәсекесі 11 тамызға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2146332-parizh-olimpiadasy-qazaqstandyq-sportshy-reitingtik-raundta-35-oryn-aldy/